О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 11 сентября 2025 года № 3/626 «Об утверждении положения о коммунальном государственном учреждении «Управление коммунальной инфраструктуры и жилищной инспекции города Алматы» Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №3/626 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2025 жылдың 11 қыркүйектегі №3/626 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3 тармақшалармен толықтырылсын;
«7-1) жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін, арықтарды, көше-жол желілерін және қасбеттен қасбетке дейінгі жасыл аймақтарды, аялдама кешендерін күтіп-ұстау және қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
7-2) қоршаған ортаға ағаштарды, бұталарды, бұталы қоршауларды шабу, қырқу, кесу мен отырғызу және оларды өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
7-3) аттракциондардың, балалардың ойын алңдарына араналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;».
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және түрғын үй инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) құрылтай құжатына енгізілген толықтырулар туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №3/626 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулының орындалуын бақылау Алматы қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.