О внесении дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2025 года № 683 «Об утверждении тарифов (цен) на товары (работы, услуги) государственных учреждений Вооруженных Сил, которым предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении» Қолданыста
Басқа 0
«Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік
мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифті (бағаны) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 683 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифті (бағаны) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 683 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифте (бағада):
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жасалған шарттар шеңберінде тауарларды жауапты сақтау бойынша көрсетілетін қызметке тариф (баға)
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
20__ жылғы « » ______
№ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «11» маусымдағы
№ 683 бұйрығына
6-қосымша
Жасалған шарттар шеңберінде тауарларды жауапты сақтау бойынша көрсетілетін қызметке тариф (баға)
Р/с
№
Тауар санаты
Тариф (баға), теңге
Баға белгілеу шарты
1
Бағалы тауар
858
Күнтізбелік күндер мен килограмм үшін салмақ негізінде есептеледі
2
Қауіпті тауар
16
Күнтізбелік күндер мен килограмм үшін салмақ негізінде есептеледі
3
Тез бұзылатын тауар
2
Сағатпен және салмақ үшін килограммен есептеледі
4
Кәдімгі тауар
16
Күнтізбелік күндер мен килограмм үшін салмақ негізінде есептеледі
5
Ауыр салмақты тауар (1 орын 150 кг астам)
16
Күнтізбелік күндер мен килограмм үшін салмақ негізінде есептеледі
6
Үлкен габаритті тауар (өлшемі екі немесе одан көп еуропаллетті алады)
16
Күнтізбелік күндер мен килограмм үшін салмақ негізінде есептеледі
Ескертпе:
1. «Бағалы тауар» – құны жоғары электроника; өнер туындылары; сирек кездесетін ресурстар (мұнай, сирек кездесетін металл); премиум немесе эксклюзивті бұйымдар (құны жоғары).
2. «Қауіпті тауар» – жарылғыш заттар (пиротехника, оқ-дәрілер); тез тұтанатын сұйықтық (бензин, еріткіш); улы және уытты химикаттар; қысыммен жұмыс істейтін газ (пропан, оттегі); радиоактивті материалдар; биологиялық материалдар (вирустық дақылдар).
3. «Кәдімгі тауар» – киім, аяқ киім; кеңсе керек-жарағы; тұрмыстық химия (қауіпті деп жіктелмеген); ойыншықтар; ыдыс-аяқ; жиһаз (арнайы емес); азық-түлік емес тауарлардың көпшілігі.
4. «Тез бұзылатын тауар» – азық-түлік өнімдері.
5. «Ауыр салмақты тауар» – өнеркәсіптік жабдық (станок, басқыш); құрылыс техникасы (бульдозер, экскаватор); металл прокат (болат катушка, арқалық); ірі қозғалтқыштар мен турбиналар; генераторлар, трансформаторлар; қалау материалының (кірпіш, блок) үлкен партиялары.
6. «Үлкен габаритті тауар» – жиһаз: шкафтар, дивандар, кереуеттер, үстелдер; тұрмыстық техника: тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, үлкен теледидарлар; құрылыс материалдары: ұзын құбырлар, гипсокартон табақтары, панельдер; спорттық және өнеркәсіптік жабдық; сантехника: ванна, душ кабиналары.
Басқа 1.1. Кіреберіс теміржол бойынша көрсетілетін қызмет
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
20__ жылғы « » ______
№ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «11» маусымдағы
№ 683 бұйрығына
7-қосымша
Кіреберіс теміржол бойынша көрсетілетін қызмет
Р/с
№
Көрсетілетін қызмет атауы
Өлшем бірлігі
Тариф, теңге
1
Жылжымалы құрамның өтуі үшін кіреберіс жолын беру
вагон-км
580,72
2
Маневрлік жұмыс, теміржол рампасында тиеу-түсіру бойынша көрсетілетін қызмет үшін кіреберіс жолын беру
вагон-сағат
329,51
Басқа 3. Инфрақұрылымды жөндеу және салу, бұйымдар өндіру саласындағы
тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тариф (баға)
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
20__ жылғы « » ______
№ бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «11» маусымдағы
№ 683 бұйрығына
8-қосымша
Инфрақұрылымды жөндеу және салу, бұйымдар өндіру саласындағы
тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тариф (баға)
Р/с №
Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы
Өлшем
бірлігі
Өлшем бірлігі үшін бағасы (теңге)
Ғимараттарды, автомобиль жолдарын және жасанды құрылысжайды салу, жөндеу, реконструкциялау
1.
Ғимараттарды, автомобиль жолдарын және жасанды құрылысжайды салу
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
2.
Ғимараттарды, автомобиль жолдарын және жасанды құрылысжайды жөндеу
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
3.
Ғимараттарды, автомобиль жолдарын және жасанды құрылысжайды реконструкциялау
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
4.
Асфальт төсеушінің жол төсемінің және алаңның асфальт-бетонды қоспасын төсеуі және тегістеуі
1 сағат
27 000
5.
Топырақты, ұсақ тасты, қиыршық тасты, асфальтты катокпен тығыздау
1 сағат
16 000
6.
Конструкцияларды монтаждау, құбырларды, әртүрлі тіректерді салу, материалдарды, жабдықты кранмен тиеу және түсіру
1 сағат
21 000
Абаттандыру және көгалдандыру
7.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын, веложолдарды, көлік қоятын орындарды, балалар және спорт алаңдарына арналған жабынды орнату және жөндеу
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
8.
Шағын сәулет құрылыстары (орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, қалқаларды, күркелерді, балалар және спорт алаңдарын, қоршау мен декоративті элементтерді орнату)
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
9.
Шам бағаналары мен сәулеттік жарықтандыруды қоса алғанда, көшедегі жарықтандыруды монтаждау және қызмет көрсету
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
10.
Нөсерлi кәрiздi және басқа да су бұру жүйесiн жайғастыру
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
11.
Мерекелерге декорация орнату, көше көрсеткіштерін, ақпараттық стенділерді, мекенжай тақтайшаларын орналастыру
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
12.
Ағаштарды, бұталарды отырғызу, газонды, гүлзарды орнату, саябақтар мен скверлерді салу
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
Қарды тазалау, қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинау және шығару
13.
Қар тазалау
1 сағат
20 000
14.
Қарды шығару
көрсетілетін қызмет
Өңірлік тариф (баға) бойынша*
15.
Қатты тұрмыстық қалдықтарын шығару
көрсетілетін қызмет
Өңірлік тариф (баға) бойынша*
16.
Құрылыс қалдықтарын шығару
көрсетілетін қызмет
Өңірлік тариф (баға) бойынша*
Жер қазу жұмысы және топырақпен үю
17.
Экскаватормен траншея қазу (шағын механизм)
1 сағат
12 000
18.
Қазаншұңқырларды, траншеяларды қазу, карьерді әзірлеу, сусымалы материалдарды тиеу және түсіру, топырақты қопсыту, экскаватормен үйінді жасау (топырақ үю) (орташа механизм)
1 сағат
13 000
19.
Қазаншұңқырларды, траншеяларды қазу, карьерді әзірлеу, сусымалы материалдарды тиеу және түсіру, топырақты қопсыту, экскаватормен үйінді жасау (топырақ үю) (үлкен механизм)
1 сағат
15 000
20.
Сусымалы материалдарды тиеу және түсіру, топырақты әзірлеу және орнын ауыстыру, тиегішпен (шағын механизм) үйінді жасау (топырақ үю)
1 сағат
13 000
21.
Сусымалы материалдарды тиеу және түсіру, топырақты әзірлеу және орнын ауыстыру, қазаншұңқырларды қазу, тиегішпен үйінді жасау (топырақ үю) (орташа механизм)
1 сағат
15 000
22.
Сусымалы материалдарды тиеу және түсіру, топырақты әзірлеу және орнын ауыстыру, қазаншұңқырларды қазу, тиегішпен (үлкен механизм) үйінді жасау (топырақ үю)
1 сағат
20 000
23.
Топырақты әзірлеу және орнын ауыстыру, алаңдарды жоспарлау және тегістеу, жолдарды, арналарды және әртүрлі құрылысжайды салу және жөндеу, үйінді жасау (топырақ үю), жерді рекультивациялау, құбыржолды жүргізу, ағаш дайындау жұмысы, бульдозермен авариялық-құтқару іс-шаралары
1 сағат
20 000
24.
Жолдың жер төсемiнiң бетiн дайындау және профильдеу, еңiстер мен үйiндiлердiң профилін жасау, топырақты, қиыршық тасты, шағыл тасты және басқа да сусымалы материалдарды қопсыту, кiрпiштеу, орнын ауыстыру және тегістеу, су ағынын ұйымдастыру үшiн кюветтер, бүйiрлік жыралар мен басқа да шұңқырлар жасау, жолды, әуеайлақтарды және басқа да инфрақұрылымдық объектілерді күтіп-ұстау және ұстау, автогрейдермен (орташа механизм) жолдарды және алаңдарды қардан тазалау
1 сағат
18 000
25.
Жолдың жер төсемінің бетін дайындау және профильдеу, еңістер мен үйінділердің профилін жасау, топырақты, қиыршық тасты, шағыл тасты және басқа да сусымалы материалдарды қопсыту, кірпіштеу, орнын ауыстыру және тегістеу, су ағынын ұйымдастыру үшін кюветтер, бүйірлік жыралар және басқа да шұңқырлар жасау, жолдарды, әуеайлақтарды және басқа да инфрақұрылымдық объектілерді күтіп-ұстау және ұстау, автогрейдермен (үлкен механизм) жолдар мен алаңдарды қардан тазалау
1 сағат
20 000
Ғимараттар мен құрылысжайды бұзу
26.
1 қабатты ғимараттар мен құрылысжайды бұзу
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
27.
2 қабатты ғимараттар мен құрылысжайды бұзу
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
28.
3 қабатты ғимараттар мен құрылысжайды бұзу
көрсетілетін қызмет
Сметалық есептеу бойынша
Бетон бұйымдарын жасау
29.
Борттық тас (бордюр)
дана
1 400
30.
Борттық тас (ернеу тас)
дана
700
31.
Тротуар плитасы (кеспе тас)
м2
2 700
32.
Жол плитасы
дана
220 000
33.
2 метрлік су ағызатын науа
дана
17 000
Қиыршық тасты (шағыл тасты) және құмды карьерді әзірлеу
34.
0х5 мм фракциядағы шағыл тас
м3
1 200
35.
5х20 мм фракциядағы шағыл тас
м3
2 900
36.
10х20 мм фракциядағы шағыл тас
м3
3 000
37.
20х40 мм фракциядағы шағыл тас
м3
3 000
38.
40х70 мм фракциядағы шағыл тас
м3
2 600
39.
Құрылыс құмы
м3
6 500
Жиһаз жасау
40.
Ағаш төсемі бар металл қаңқадан жасалған табурет
дана
12 600
41.
Екі отырғышы бар 6 орындық ас ішетін үстел
ж-қ
60 300
42.
Сынып үстелі (сабақ үшін)
ж-қ
49 000
43.
Бір тумбалы үстел
дана
82 900
44.
Кереует жанына қойылатын тумба
дана
31 200
45.
Қағазға арналған тумба
дана
36 900
46.
Киім шкафы
дана
59 900
47.
Кеңсе шкафы
дана
54 200
Металдан жасалған бұйымдарды өндіру және монтаждау
48.
Қалқа жасау
м2
Сметалық есептеу бойынша
49.
Қақпа жасау
м2
Сметалық есептеу бойынша
Терезелерді, есіктерді қоса алғанда, пластиктен жасалған бұйымдарды өндіру және монтаждау, сондай-ақ орнату және қызмет көрсету бойынша қосымша жұмысты орындау
50.
ПВХ бұйымдарынан терезе жасау
м2
31 500
Металл құрылысжай мен конструкцияларды жасау және монтаждау
51.
Ангар (16х32х8 м)
дана
28 400
52.
Ангар (18х32х9 м)
дана
29 500
53.
Ангар (22х32х11 м)
дана
33 000
Металл қоршау мен бөгетті жасау және монтаждау
54.
3Д қоршау (2,5х2м)
дана
6 800
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлік (автомобиль) логистикасы
55.
Елді мекен шегінде тралда техниканы және басқа да жабдықты (мүлікті) жеткізу
рейс
80 000
56.
Елді мекеннен тыс жерде (қалааралық) тралда техниканы және басқа да жабдықты (мүлікті) жеткізу
км
1 400
57.
Елді мекен шегінде 20 тоннаға дейін жартылай тіркемемен жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) жеткізу
рейс
60 000
58.
Елді мекеннен тыс жерде (қалааралық) 20 тоннаға дейін жартылай тіркемемен жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) жеткізу
км
1 300
59.
Елді мекен шегінде 8 тоннаға дейін манипуляторда жүкті және басқа жабдықты (мүлікті) жеткізу
сағат
15 000
60.
Елді мекеннен тыс жерде (қалааралық) 8 тоннаға дейін манипуляторда жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) жеткізу
км
1 000
61.
Елді мекен шегінде 10 тоннаға дейін манипуляторда жүкті және басқа жабдықты (мүлікті) жеткізу
сағат
17 000
62.
Елді мекеннен тыс жерде (қалааралық) 10 тоннаға дейін манипуляторда жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) жеткізу
км
1 100
63.
Елді мекен шегінде 15 тоннаға дейін самосвалда жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) жеткізу
км
24 000
64.
Елді мекеннен тыс жерде (қалааралық) 15 тоннаға дейін самосвалда жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) жеткізу
км
1 100
65.
Елді мекен шегінде 20 тоннаға дейін самосвалда жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) жеткізу
км
26 000
66.
Елді мекеннен тыс жерде (қалааралық) 20 тоннаға дейін самосвалда жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) жеткізу
км
1 300
Ескертпе:
Қарды, қатты тұрмыстық қалдықтарды, құрылыс қалдықтарын шығаруға өңірлік тариф (баға) екі есептеу әдісімен белгіленуі мүмкін:
1. Қызмет көрсетілетін елді мекендер мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары жасаған шарттар бойынша тарифке (бағаға) сәйкес.
2. ЖЖМ, жабдық пен техниканың амортизациясы, жалақы енгiзiлген нақты шығысқа сәйкес, рентабельдiлiгі – нақты шығыстың кемiнде 10 %-ы.
Қарды, қатты тұрмыстық қалдықтарды, құрылыс қалдықтарын шығаруға түпкілікті тариф (баға) жоғарыда аталған есептеу әдістері арасындағы ең жоғары тариф (баға) негізінде айқындалады.
Басқа 4. Қонақүй ісі саласында өткізілетін қызметке
тариф (баға)
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
20__ жылғы « » ______
№ бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «11» маусымдағы
№ 683 бұйрығына
9-қосымша
Қонақүй ісі саласында өткізілетін қызметке
тариф (баға)
Р/с №
Тауар санаты
Өлшем бірлігі
Өлшем бірлігі үшін бағасы (теңге) бір тәулікке
Өлшем бірлігі үшін бағасы (теңге) жарты тәулікке
1.
Екі кереуеті бар нөмірлер беру
бөлме
10 000
7 000
2.
Бір екі кісілік кереуеті бар люкс нөмірін беру
бөлме
20 000
13 000
3.
Бір адамды орналастырумен нөмірде орын беру
төсек
7 000
4 000
4.
Жеке заттарды жуу
көрсетілетін қызмет
1 зат 2 000
5.
Жеке заттарды үтіктеу
көрсетілетін қызмет
1 зат 1 500
6.
Таңғы ас
1 тағам
1 900
1 900
7.
Түскі ас
-
мәзір бойынша
мәзір бойынша
8.
Кешкі ас
-
мәзір бойынша
мәзір бойынша