О реализации 11 поручений Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А., данных на республиканском совещании акимов 30 января 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдердің республикалық кеңесінде 2001 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың берген 11 тапсырмасын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 12.11.2009 № 394 қаулысымен.
Барлық деңгейдегі әкімдердің республикалық кеңесінде 2001 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың берген 11 тапсырмасын орындауда тиісті бағдарлама әзірленді және жүзеге асырылды.
Облыс экономикасында жалпы экономиканың және қаржы жағдайының жақсару беталысы сақталып отыр. Бюджеттің кіріс бөлігі облыс бойынша бүтіндей алғанда 101,8% немесе 246991,1 мың теңгеге жоспарланған көрсеткіштен артығымен орындалды. Кірістердің орындалу процентінің аз бөлігі Лисаков қаласында (98,4%) болып отыр.
Осы кезең ішінде аймақта 50 жаңа өндіріс орындары құрылып, жаңа технологиялар игерілуде, бәсекелестік кәсіпорындар құрудағы инвестициялар көлемі 900 миллионнан астам теңгені құрады, осы мақсаттарға орай нарық субъектілеріне 72 миллионнан астам теңгеге несиелер берілді.
Экономиканың барлық салаларында 14799 жұмыс орны іске қосылды, ол жоспарлы тапсырманың 127,2% құрайды. Жұмыссыз жүрген 9528 адам еңбекке орналасты немесе ол жылдық бағдарламалық тапсырманың 125,4%.
Көзделген іс-шараларды жүзеге асыру адамдардың санитарлық жағдайы мен гигиенасын, аурудың және эпидемияның алдын алуды ұйымдастыру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. «Еліміз тәуелсіздігінің 10 жылдығына - қайырымды істер» атты жалпыұлттық тазалық және көгалдандыру айлығының шеңберінде облыс тұрғындарымен 116167 ағаш отырғызылып, 46 бұлақ көздері тазартылды және көркейтілді. Қабылданған шешімдердің нәтижесінде облыстың қалаларының, селоларының және поселкелерінің санитарлық жағдайы мен сыртқы келбеті айтарлықтай жақсарды.
Облыс бойынша жалпы алғанда эпизоотияға қарсы іс-шаралар толығымен орындалды. 2001 жылы облыс аумағында қауіпті инфекциялар ошағы тіркелген жоқ. Барлық поселкелер, селолар және селолық округтер ветеринарлық мамандармен толықтырылған.
Егістік жерлерде шегіртке тұқымдастарының көп тарауының көктемгі тексеруінің қорытындысы бойынша 356 мың теңге гектар алқапқа өңдеу жүргізілді. Ағымдағы жылға ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленді.
Дегенмен де, Арқалық, Лисаков, Рудный қалаларында жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталып отыр. Аз қамтылғандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жылдық жоспарлы тапсырма Алтынсарин (69,1%), Жангелдин (71,1%), Сарыкөл (64,6%) аудандарында, Қостанай (88%), Арқалық (92,4%), Лисаков (97,4%) қалаларында орындалмай қалды.
2001 жылы облыста 13085 қылмыс тіркелді, ол 2000 жылмен салыстырғанда 14,5% жоғары. Қылмыстың ашылуы төмендетіліп, есірткі сатумен байланысты анықталған қылмыстың саны азайды. Қылмыстың ең көп өсуі Сарыкөл, Денисов, Қарасу, Федоров, Науырзым аудандарында, Рудный, Арқалық, Қостанай қалаларында байқалып отыр.
Қатерлі ішек инфекциясымен ауырудың орташа облыстық көрсеткіштен жоғары деңгейі Арқалық, Лисаков, Рудный қалаларында, Жангелдин, Қарасу аудандарында, вирусты гепатитпен ауыратындар Рудный, Лисаков, Арқалық қалаларында, Амангелді және Денисов аудандарында қалыптасып отыр.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты қостанай облысының әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін орындауды қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі Лисаков қаласының әкімі А.П. Раудың және қылмысты төмендету мәселесі жөніндегі Сарыкөл ауданының әкімі М.М. Итпаевтың жұмыстары қанағаттанғысыз деп танылсын.
Тармақ 2
2. 2002 жылдың 1-тоқсанының бюджетін орындаудың қорытындылары бойынша акциздер жинау туралы облыс әкімиятының мәжілісінде Лисаков қаласының әкімі А.П. Раудың есебі тыңдалсын.
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкімияттары:
Тармақша 1
1) Қостанай облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен (О.А. Киколенко) бірлесе отырып 2002 жылғы 30 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарына сәйкес Қазақстан республикасының «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
Тармақша 2
2) 2002 жылғы 15 ақпанға дейін кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрестің аймақтық кешенді бағдарламаларына оларды жүзеге асырудың қорытындылары ескеріле отырып, жаңа жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарға қатысушылар санын, тоқырауға ұшыраған селолық округтер, селолар және поселкелерді анықтау жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;
Тармақша 3
3) тұрғындардың тұрмыс деңгейін талдау және мониторингісі, кедейлікті бағалаудың тәсілдерін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанының 10 жылдығына байланысты әскери басқару органдарына, Қостанай гарнизонының бөлімдеріне, «Қостанай» шекара бақылау отрядына әлеуметтік-тұрмыстық міндеттерді шешуде көмек көрсетуде іс-шараларын әзірлесін.
Тармақ 4
4. Алтынсарин (А.И. Бородин), Жангелдин (Қ.Ж. Жанділдин) және шілдесіне дейінгі мерзімде бюджетке төлемдер жөніндегі өтелмеген қарызды төмендету жөнінде пәрменді шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қостанай (В.Н. Ленивцев), Рудный (А.П. Зуев), қалаларының әкімдері 2002 жылғы 1 сәуірге дейін тамақ және ауылшаруашылық тауарларын сату жөніндегі коммуналдық сауда базарларын құру мәселесін және қызметін қарастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) мемлекеттік бюджет есебінен ұсынылатын медициналық қызметтердің тізімі туралы халықты жан-жақты хабардар ету жөнінде іс-шаралар жүргізсін.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті (Т.Т. Төлеубаев):
Тармақша 1
1) 2002 жылғы 1 наурызға дейін қала және аудан әкімдерімен бірлесе отырып тұрақты негізде мал шаруашылығы және егін шаруашылығы өнімдерін сату жөніндегі ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу мәселесін қарастырсын;
Тармақша 2
2) «Жергілікті деңгейде ветеринарлық іс-шараларына көмек көрсету» бағдарламасын орындауға арналған облыстық бюджеттен бөлінген 65 миллионнан теңгені дұрыс және мақсатына қарай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі облыстық кеңес (Қ.Т. Орманов) діни экстремизмнің алдын алу мақсатында:
Тармақша 1
1) облыстың діни бірлестіктері қызметінің мониторингін ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) қаржы департаментімен (М.А.Щеглова) бірлесе отырып үстіміздегі
жылдың екінші тоқсанында облыстың діни бірлестіктері туралы ақпараттық
бюллетень-анықтамалық шығару шешсін.
Тармақ 9
9. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі үстіміздегі
жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде қылмыспен күрестің 2001-2002 жылдарға
арналған аймақтық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
облыс әкімиятының қаулы жобасын дайындасын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің
орынбасарлары В.В. Мейстерге, С.А. Құланбаевқа, С.Ә. Құлмағанбетовке, Т.Е.
Омаровқа жүктелсін.