Об утверждении Регламента государственной услуги «Выдача заключения о технической целесообразности строительства дублирующих (шунтирующих) линий электропередачи и подстанций для объектов 110 кВ и ниже, 220 кВ и выше» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Электроэнергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын арттыру мақсатында, Астана қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 115-2299 қаулысымен бекітілді «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Электроэнергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі − Стандарт), Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы − «Астана қаласының Энергетика басқармасы» (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Тармақша 2
2)«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі − ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады. Мемлекеттік қызметтің қорытындысын көрсету нысаны: электрондық (қағаз түрінде).
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау
Тармақ 4
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтінім негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы: Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі − 30 (отыз) күнтізбелік күн:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметті алуға тікелей көрсетілетін қызметті алушыдан немесе портал арқылы келіп түскен өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерімен тіркеу − 15 (он бес) минут ішінде;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың толықтығын Стандарттың 9-тармағына сәйкес тексеру, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда − өтінімді одан әрі қарастырудан бас тарту − 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға көрсетілетін қызметті берушінің маманына жібереді − 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды қарастырып, мемлекеттік қызметтің қорытындыларын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды − 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн ішінде;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметтің қорытындысына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды − 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
Тармақша 6
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің қорытындысын береді. Көрсетілетін қызметті алушыны күтудің мүмкін етілетін ең ұзақ уақыты − 15 (он бес) минуттан аспайды.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
Тармақ 6
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
Тармақ 7
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігі сипаттамасының блок-сызбасы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
Тармақ 8
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау: портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес порталға жолданған өтініш негіз болып табылады; жүйе автоматты түрде өтініш беруші бойынша деректерді тексереді (жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі − «Е-лицензиялау» МДҚ) арқылы қарастыруға көрсетілетін қызметті берушіге жібереді; көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді, құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, ол өтінішке жұмыс үшін бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің маманына жібереді; көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды қарастырып, мемлекеттік қызметтің қорытындыларын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды; көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қорытындыны бекітеді немесе ЭЦҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы дәлелді жауапқа қол қояды. Жүйе автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды. Портал арқылы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының блок-сызбасы Регламентке 2-қосымшада келтірілген. Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-үдерісінің анықтамалығы Регламентке 3-қосымшада ұсынылған.
Басқа 0-1. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының блок-сызбасы
«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының блок-сызбасы
Басқа 0-2. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдер (іс-қимылдар реттілігі) сипаттамасының блок-сызбасы
«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдер (іс-қимылдар реттілігі) сипаттамасының блок-сызбасы
Басқа 0-3. 1-кесте. Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша 1-кесте. Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы 2-кесте. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-үдерістерінің анықтамалығы