О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года N 1011 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.17. N 289 қаулысымен. Репатрианттардың (оралмандардың) бейімделуі үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыруға рұқсат берілген шақырылатын жастағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: "11. Репатрианттар (оралмандар) арасынан Қазақстан Республикасының шақырылу жасындағы азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін үш жыл бойы.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.