О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года N 1011 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесінде:
7-тармақта "СССР-дің 60 жылдығы атындағы Маңғышлақ энергетика комбинатында" деген сөздер "Қазатомөнеркәсіп - Маңғыстау атом энергетика комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.