О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года № 1011 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы
📌 Сноска. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.04.2006 № 289 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
"Үлбі металлургия зауыты" ашық акционерлік қоғамының бірегей өндірістерін қажетті жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 9
"9. "Үлбі металлургия зауыты" ашық тұрпатты акционерлік қоғамында жұмыс істейтін шақырылушылар мына мамандықтар бойынша:
аппаратшы (барлық атаудағы);
зертханашы (барлық атаудағы);
бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі (реттеуші);
жөндеуші-слесарь;
токарь (жұмыстың барлық түрінің);
электр монтері;
зерттеуші-инженер;
технолог-инженер;
физик-инженер;
химик-инженер;
бағдарламашы-инженер;
электрик-инженер;
технологиялық процесті басқару автоматтандырылған жүйесінің инженері;
топ жетекшісі;
шебер (аға шебер)".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.