О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 октября 1993 года № 1011 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.04.2006 № 289 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. Уран концентратын өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыратын "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ) филиалдарындағы өндірістерді кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының әскерге шақыру жасындағы, бірақ әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын санаттағы азаматтарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімдік әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын санаттағы азаматтарының тізбесі мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын: "10. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамының филиалдарында жұмыс істейтін әскерге шақырылатындар - оларда: аппаратшы (барлық атаудағы); оператор (барлық атаудағы); машинист (барлық атаудағы); бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесарь; слесарь-жөндеуші; каротажды станциялар моторшысы; геофизикалық аппаратура реттеушісі; электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері; жабдық жөндеу жөніндегі электр слесары; электргаз дәнекерлеушісі; механик; электр механигі; технолог; геотехнолог; инженер-механик; инженер-геолог; инженер-гидрогеолог; инженер-геофизик мамандығы бойынша жұмыс істейтін кезеңге".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.