Об объявлении Постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 января 1993 г. № 31 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы қаңтардың 12-iндегi N 31 қаулысын хабарлау туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды Iшкi iстер министрлiгiнiң 1995.11.20 № 263 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы қаңтардың 12-iндегi "Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы" N 31 қаулысын хабарлай отырып бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген азаматтардың паспорттарындағы ұлты туралы жазбаны өзгерту Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы тамыздың 17-iндегi N 684 қаулысымен бекiтiлген "Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiне" және Қазақстан Республикасы IIМ 1993 жылғы тамыздың 27-iндегi N 266 бұйрығымен хабарлаған нұсқауға сәйкес жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық IIБ-ның, Алматы қалалық IIББ-ның және Ленинск қалалық IIБ-ның бастықтары паспорт аппараттарының жеке құрамының осы бұйрықпен хабарланған Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысын оқып бiлуiн ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы IIМ паспорт жұмысы мен виза және тiркеу бөлiмiне, IIБ-ның Алматы қалалық IIББ-ның және Ленинск қалалық IIБ-ның бастықтарына жүктелсiн.