О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 июля 1995 года N 953 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 953 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 734 (қаулы 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Аукциондық сатудан алынатын алымдарды төлеу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 953 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 273-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Аукциондық сатудан алынатын алымдарды төлеудің тәртібі туралы ережеде: ІІІ тарау мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: "4-1. Соттар және басқа да органдардың қаулыларын атқару жөніндегі атқарушылық өндірісті қамтамасыз ететін әділет органдары өткізетін аукциондық сатулардан бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.