О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 июля 1995 г. N 955 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 955 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының рыноктарындағы тауарларды сату құқығы үшiн алымның мөлшерiн республиканың әртүрлi аймақтарында қалыптасқан рыноктардың конъюнктурасымен сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар сату құқығы үшiн алым туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 955 P950955_ қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24. 274-бап/ мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алымның шектi мөлшерi"; мынадай мазмұндағы жаңа 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне рыноктарда тауарларды сату құқығы үшiн алымның мөлшерiн реттеу құқығы берiлсiн"; 3-тармақ 4-тармақ болып саналсын. Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым туралы Ережеде: 2-тармақтың екiншi абзацында "енгiзiледi" сөзiнен кейiн "заңды және" сөздерiмен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы жаңа 7-тармақпен толықтырылсын: "7. Кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде салық қызметi органдарында тiркелген жеке адамдар Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым төлеуден босатылады"; 7-тармақ "ұйымдар" сөзiнен соң "заңды және" сөздерiмен толықтырылсын. 7-тармақ 8-тармақ болып саналсын; мынадай мазмұндағы жаңа 9-тармақпен толықтырылсын: "9. Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым мемлекеттiк емес меншiк нысандарындағы рыноктарында рынок әкiмшiлiгiнiң жергiлiктi атқарушы өкiмет органымен шарттың қағидаларымен жүзеге асырылады деп белгiленсiн"; 9-тармақ 10-тармақ болып саналсын.