О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 декабря 1996 года N 292 "О принятии новой редакции Правил о порядке перехода банков второго уровня к международным стандартам" и в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 февраля 2001 года N 32 "По вопросам перехода банков второго уровня к международным стандартам" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы" ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң тәртiбi туралы" ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 V960440_ қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 V011410_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы" ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы" ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567 қаулысымен бекiтiлдi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы" ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң тәртiбi туралы" ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы; Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы ережеде: 1-тармақтың: үшiншi-жетiншi азатжолдарындағы "-" белгiсi алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы сегiзiншi азатжолмен толықтырылсын: "тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу"; 2-тармақтағы "мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақтың үшiншi және төртiншi азатжолдарындағы "-" белгiсi алынып тасталсын; 4-тармақтың төртiншi азатжолындағы "8.1-8.10 тармақшалары" деген сөздер "1)-11) тармақшалары" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы:
Тармақ 8
8. 1-8.10 тармақшалардың номерлерi 1)-10) номерлерiмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 11
"11) Тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу Банктiң банк операцияларын жүргiзуге байланысты тәуекелдердi бағалау, өлшеу, бақылау және мониторингі бойынша рәсiмдерi болуы тиiс. Осы рәсiмдер Ұлттық Банктiң ұсынымдарын ескере отырып, халықаралық тәжiрибеде қабылданған тәуекелдердi басқару жүйесiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысының: 2-тармақтағы және одан әрi барлық мәтiн бойынша "8.1-8.10 тармақшаларындағы" деген сөздер "1)-10) тармақшаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 4
4-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Ереженiң 8-тармағының 1)-10) тармақшаларының талаптарын (шарттарын) орындаған банктер 2002 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Ұлттық Банкке тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың бiреуiнiң осы қаулының 2-тармағында көзделген аудиттiң және бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған банктiң 2001 жылғы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы аудиторлық қорытындысын ұсынуға мiндеттi."; мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 4-1
"4-1. Барлық банктер 2003 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Ұлттық Банкке тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың бiреуiнiң осы қаулының 2-тармағында көзделген және банктiң Ереженiң 8-тармағының 11) тармақшасындағы талаптарды орындауына баға берiлген (расталған), аудиттiң және бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған банктiң 2002 жылғы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы аудиторлық қорытындысын ұсынуға мiндеттi."; 5-тармақтағы: бiрiншi азатжолдың "және 4" деген сөздер ", 4 және 4-1" деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы азатжол мынадай сөздермен толықтырылсын ", немесе осы қаулының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес, 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ереженiң 8-тармағының 11) тармақшасының талаптары, 2003 жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде,"; сегiзiншi азатжолдың "және 4" деген сөздер ", 4 және 4-1" деген сөздермен ауыстырылсын.