О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 декабря 1996 года N 292 "Об утверждении Правил о порядке перехода банков второго уровня к международным стандартам", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 440 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 440-нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының банк заңдарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 440-нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1997 жылғы 10-15 ақпанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 31 наурыздағы N 89, 1997 жылғы 30 сәуірдегі N 135, 1997 жылғы 15 қазандағы N 375, 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 411, 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 470, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 339, 1999 жылғы 7 қазандағы N 316, 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 338, 2001 жылғы 31 наурыздағы N 77, 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспедегі "жеткізу" деген сөз "орындау" деген сөзбен ауыстырылсын;
"2000 жылдың аяғына дейінгі кезеңде" деген сөздер алынып тасталсын;
барлық мәтін бойынша "Ережелер" деген сөз "Ереже" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережедегі:
барлық мәтін бойынша "жетуге", "қол жеткізу", "халықаралық стандарттарға сай болуға қол жеткізу" деген сөздер тиісінше "орындаудың", "орындау", "халықаралық стандарттарды орындау" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "2000 жылдың аяғына дейінгі кезеңде" деген сөздер "осы Ережеде анықталған мерзімдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "халықаралық стандарттарға жетуге", "халықаралық стандарттарға қол жеткізу" деген сөздер "халықаралық стандарттарды орындаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы:
бесінші және алтыншы азатжолдар алынып тасталсын;
жетінші азатжолдағы "осы Ережелердегі талаптарға (шарттарға) және іс-шаралар жоспарына сай деп тану туралы өтініш беруге" деген сөздер "оны Ұлттық Банкке ұсынуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы Ереженің талаптары банктер қызметінің барлық кезеңі ішінде олардың сақтауы үшін міндетті.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы күшіне енген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.