О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 декабря 1996 года N 292 "Об утверждении Правил о порядке перехода банков второго уровня к международным стандартам", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 440 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 440 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының банк заңдарын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 440 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1997 жылғы 10-15 ақпанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 31 наурыздағы N 89, 1997 жылғы 30 сәуірдегі N 135, 1997 жылғы 15 қазандағы N 375, 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 411 , 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 470 , 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 339 , 1999 жылғы 7 қазандағы N 316 , 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 338 , 2001 жылғы 31 наурыздағы N 77 , 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567 , 2002 жылғы 10 қазандағы N 407 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеде: 9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Осы Ереженің 8-тармағы 11) тармақшасының нормасы Ұлттық Банк Басқармасының Іс-шаралар жоспарын қайта бекітуін талап етпейді.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.