О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 1996 года № 298 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 30.06.1997 № 1037 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 11, 83-құжат) "Экспорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi" деген
4-қосымшаға мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Сирек, жерде сирек кездесетiн металлдар, өндiрiске арналған
шикiзат, балқымалар, қосылыстар мен бұйымдар" деген жолдар бойынша:
2-бағанда:
"2804 (280470000 басқа), 280540100" кодтары алынып тасталсын;
"280450, 280490" кодтарымен толықтырылсын.