О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 1996 г. № 299 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 299 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды ҚР Үкіметінің 2005.09.02 № 124 қаулысымен. Сыртқы экономикалық қызметтi ырықтандыру, экспортты ынталандыру, отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Қырғызстан Республикасының арасындағы Кедендiк одақтық шеңберiнде сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң заң және нормативтiк базасын бiрегейлендiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Әкетiлетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 299 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 11, 84-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн: бидайдың басқа түрлерiн қоспағанда (СЭҚ ТН коды 1001 90) сыртқа шығарылатын тауарларға экспорттық кеден бажы салынбасын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi.