О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 1997 г. N 1556 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР
Үкiметiнiң 12.03.1999 № 233 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 455-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi (Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулықминi) туралы ереженiң IV бөлiмiнiң 8-тармағының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкiмдерiнiң
тиiстi бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау басқармаларының және
туризм мен спорт комитеттерiнiң басшыларын лауазымдарға тағайындауға
және босатуына келiсiм беруге".