Об утверждении Изменения в Правила о кредитных товариществах, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 апреля 1997 года № 106 "О Положении "О кредитных товариществах" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 12 сәуiрдегi № 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстi бекiту туралы Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiс бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсiн.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiс
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 13 қазандағы N 393 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiс - 6-тармақтың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ жарғылық капиталының елу проценттен астамы мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар мемлекеттiң уәкiлеттiк берiлген органының келiсiмi болғанда ғана ауылдық кредиттiк серiктестiктердiң қатысушысы бола алады."