О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 1997 г. № 1551 и от 22 ноября 1997 г. № 1641 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1641 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды ҚР Үкіметінің 1999.04.01. № 355 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысында:
көрсетiлген қаулының 3-қосымшасындағы "Көлiккомминi" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1641 қаулысындағы:
2-тармақтағы "11" деген сан "12" деген санмен ауыстырылсын;
Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк
және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:
12-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда баяндалсын:
"Министрдiң екi орынбасары (вице-министрлерi): орынбасары
(вице-министр) және орынбасары (вице-министр) - Әуе кеңiстiгiн
пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетiнiң
төрағасы болады, оларды Министрдiң ұсынуымен Қазақстан
Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады";
14-тармақтың екiншi абзацындағы "өз орынбасары (вице-министр)"
деген сөздер "өз орынбасарлары (вице-министрлер)" деген сөздермен
ауыстырылсын;
15-тармақтың бiрiншi абзацындағы "орынбасары (вице-министр)"
деген сөз "оның орынбасарлары (вице-министрлер)" деген сөздермен
ауыстырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"17. Министрдiң нұсқауы бойынша, ол болмаған жағдайда оның
орынбасарларының бiреуi орнын ауыстырады".