О внесении дополнений в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 ноября 1998 года N 121, Генерального прокурора Республики Казахстан от 1 декабря 1998 года N 1043 ца, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 8 декабря 1998 года N 73, Министра финансов Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года N 598, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 1998 года N 429, Министра государственных доходов Республики Казахстан от 28 декабря 1 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының заттай дәлелдемелерді, қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жыл 12 қарашадағы N 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жыл 1 желтоқсандағы N 1043 ца, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 1998 жыл 8 желтоқсандағы N 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жыл 22 желтоқсандағы N 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жыл 2 желтоқсандағы N 429, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жыл 28 желтоқсандағы N 111 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан нарығында контрафактілі өнімдердің қайта айналымына жол бермеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жыл 12 қарашадағы N 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жыл 1 желтоқсандағы N 1043 ца, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 1998 жыл 8 желтоқсандағы N 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жыл 22 желтоқсандағы N 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жыл 2 желтоқсандағы N 429, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жыл 28 желтоқсандағы N 111 бірлескен бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 жыл 30 желтоқсандағы N 658 болып тіркелген "Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының заттай дәлелдемелерді, қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды алу, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" Нұсқаулыққа мынадай толықтырулар енгізілсін: 75-1 тармақпен толықтырылсын: "75-1. Контрафактілі өнімдерді жоюды әділет органдары қызметкерінің қатысуымен сот орындаушысы термикалық, химиялық, механикалық не өзге әсер ету жолымен жүргізеді. Жою тәсілін денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау органдарының келісімімен сот орындаушысы белгілейді. Жою туралы акті іске тіркеледі.".
Тармақ 2
2. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Төрағасы Қазақстан Республикасы Бас прокуроры Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі жөніндегі Жоғарғы соты жанындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қазақстан Республикасы Әділет министрі Қазақстан Республикасы Қаржы министрі