О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по государственному контролю над производством и оборотом алкогольной продукции от 12 июня 1998 года N 5 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет Төрағасының 1998 жылғы 12 маусымдағы N 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Алкогольдi өнiмдердiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердiң өндiрiсi, этил спиртiн сақтау және сату, алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және көтерме сатуды лицензиялау туралы Тәртiбiн бекiту туралы" Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитет Төрағасының 1998 жылғы 12 маусымдағы N 5 бұйрығына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердiң өндiрiсi, этил спиртiн сақтау және сату, алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және көтерме сатуды лицензиялау Тәртiбiне: 5 тарауға: 8 тармақшадағы "6% аса" деген сөз " 1,5% аса" деген сөзбен ауыстырылсын; 20 тармақша келесi редакцияда жазылсын: "20) Бөлшек сауда - алкоголь өнiмiн тұтынушыларға бiр-бiрлеп сату, олардың қайта сатылуы үшiн емес;"; 69 тараудың 6 тармақшадағы "құрамында көлемi 12 проценттен асатын этил спиртi бар" деген сөздер "(сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.