О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 12 июня 1998 года N 7 "Об утверждении Правил лицензирования деятельности инвестиционных фондов в качестве субъектов инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг, Правил лицензирования деятельности по управлению портфелем ценных бумаг, Инструкции о порядке расчета и применения пруденциальных нормативов для организаций, осуществляющих деятельность по управлению портфелем ценных бумаг", зарегис Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 528 тіркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау қағидаларын, Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау қағидаларын, Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтердi есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 380 тіркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына қойылатын талаптарды бекiту туралы" 1997 жылғы 26 маусымдағы N 90 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін " Инвестициялық қорлар туралы " және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне инвестициялық қорлар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына қойылатын талаптарды бекiту туралы" 1997 жылғы 26 маусымдағы N 90 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 380 тіркелген, 2001 жылы Нормативтік құқықтық актілер және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілер жинағында жарияланған, IV том) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 4
4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.
Тармақ 5
5. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.