О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 1998 года № 1278 и от 11 марта 1999 года № 223 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы N 233 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. N 778 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат): осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің ережелерінде:
Тармақ 3
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге қайта тапсырылған жағдайда, ол тиісті органның қайта бекітуіне (қайта қол қоюға) жатады";
Тармақша 2
2) 📌 Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.