О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об условиях размещения и обслуживания дипломатических представительств и консульских учреждений Республики Казахстан в Российской Федерации и Российской Федерации в Республике Казахстан от 12 октября 1998 г. Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 2008 жылғы 22 мамырда Астанада жасалған 1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы 1998 жылғы 12 қазандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістерді енгізуге келісті: 1-бабының 2-тармағындағы: 1) «15000 шаршы метр» деген сөздер «16400 шаршы метр» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Заречное» кентінде (бұрынғы «Буревестник» еңбек және демалыс лагері)» деген сөздер «Ақыртас көшесінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) «20000 шаршы метр» деген сөздер «21400 шаршы метр» деген сөздермен ауыстырылсын. Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдерді дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді. Осы Хаттама өзінің қолданысын Келісімнің қолданысын тоқтатуымен бір мезгілде тоқтатады. Астана қаласында, 2008 жылғы 22 мамырда әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей. 2008 жылғы 22 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы 1998 жылғы 12 қазандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.