О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 1999 года N 233 и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 1998 года N 883 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі N 883 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.19. N 1754 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына және "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігін Астана қаласына орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 289 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) 2-тармақтағы "сондай-ақ 15 адамнан тұратын алқа" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтағы "мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекеме" деген сөздер " Қазақстан Республикасының басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы "тұлға" деген сөзден кейін
"ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеме" деген сөздермен
толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Министрліктің штаттық санының лимитін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымын Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі бекітеді
(бұдан әрі -Министр)";
6-тармақта "Алматы қаласы, Республика алаңы, 4" деген сөздер
"Астана қаласы, Кенесары көшесі, 83" деген сөздермен ауыстырылсын;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады";
19-тармақта:
екінші абзац алынып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Алқаның сандық және жеке құрамын министр бекітеді".
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігінің Астана қаласындағы Өкілдігінің мәселелері" туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі N 883
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.