О внесении дополнений и изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 декабря 2000 года N 1159 "Об утверждении видов поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан", зарегистрированным за N 1361 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің N 1361 тіркелген 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1159 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ("Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" 2001 жылғы, N 7, 331 құжат нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1361 тіркелген) 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1159 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: "Ы. Алтынсарин;" омырауға тағатын белгі"; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу тәртібі туралы ережеде: 4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: "Ы. Алтынсарин" омырауға тағатын белгісімен марапаттау" (3-қосымша);"; 7-тармақта: екінші абзац алынып тасталсын; төртінші абзацта "оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы табыстар" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын: "3-1. "Ы. Алтынсарин" омырауға тағатын белгісімен марапаттау шарттары" 10-1. Білім беру органдары мен ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері омырауға тағатын белгімен: білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру мен тәрбиелеу бағдарламаларын іске асырудағы айтарлықтай табыстары үшін; оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділіктерін дамытудағы табыстары үшін; облыстық (аудандық), республикалық, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін марапатталады. 10-2. Омырауға тағатын белгімен тікелей білім беру органдары мен ұйымдарында 10 жылдан кем емес жұмыс стажы бар қызметкерлер марапатталады."; осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Келісілді: Вице-министр ______________________ 2004 ж. "___" ________ Қаржы департаменті ______________________ 2004 ж. 27.07. Әкімшілік-құқықтық департаменті ______________________ 2004 ж. "___" ________ Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы ______________________ 2004 ж. "___" ________ Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы ______________________ 2004 ж. 27.07. Мемлекеттік тілді дамыту және редакциялау бөлімі ______________________ 2004 ж. 27.07.
Басқа 0. "Ы. Алтынсарин" омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 шілдедегі N 652 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерімен марапаттау ережесіне 3-қосымша "Ы. Алтынсарин" омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы "Ы. Алтынсарин" омырауға тағатын белгісі 32 мм. диаметрінде, қалыңдығы 2 мм, мыс пен никель қорытпаларынан мерейтойлық медаль түрінде жасалған. Аверсте (медальдің беткі жағында) Ы. Алтынсарин бейнеленген. Бейнеден төмен "Ы. АЛТЫНСАРИН" жазуы. Реверсте (медальдің сыртқы бетінде) мемлекеттік тілде "Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін" деген сөздер жазылған. Медальдің беттері тегіс келген. Медаль көкшіл лентамен қапталып, ұзындығы 15 мм және ені 25 мм планкаға бекітілген. Медаль суретін қағаз мәтіннен қараңыз