О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 сентября 2000 года N 1384 и от 17 апреля 2002 года N 443 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 қыркүйектегі N 1384 және 2002 жылғы 17 сәуiрдегі N 443 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрілетін инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қыркүйектегi N 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 457-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлетiн инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесiнде:
2-тармақ мынадай он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"- фармацевтика және медицина өнеркәсібі.";
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2008 N 1328 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.