О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2000 года N 229 и от 22 мая 2002 года N 550 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 және 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.11.2003 N 1191 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде: "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген 1-бөлiмiнде: "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген жолдың 3-бағанындағы "53" деген сан "55" деген санмен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 150-құжат): 2-тармақтың 3) тармақшасында "5" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң), жарғысында: 20-тармақта "үш вице-президентi болады." деген сөздер "төрт вице-президентi болады." деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.