О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2000 года N 229 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
2 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" бөлімінде:
"Республикалық карантин лабораториясы" деген жолдың 3-бағанында "11" деген сан "35" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.