О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2000 года N 229 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.17. N 330 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген 5-бөлімде: "Түзеу мекемелері" деген жолда "12 382" деген сандар "12 900" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.