О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2000 года N 229 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.06.2004 N 604 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мұражайының және "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметiн ұйымдастырушылық және қаржылық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат саны лимиттерiнде: 6 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiмде: 1) мынадай мазмұндағы: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мұражайы 350" деген жолмен толықтырылсын; 2) "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы 40" деген жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.