О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2000 года N 229 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген 8-бөлімде: "Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" деген жолдың 3-бағанындағы "452" деген сан "576" деген санмен ауыстырылсын; "Қазақ республикалық лепрозорийі" деген жолдың 3-бағанындағы "270" деген сан "227" деген санмен ауыстырылсын; "Арал теңізі обаға қарсы станциясы" деген жолдың 3-бағанындағы "167" деген сан "172" деген санмен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы" деген жолдың 3-бағанындағы "632" деген сан "690" деген санмен ауыстырылсын; "Қатаң байқаудағы республикалық психиатриялық аурухана" деген жолдың 3-бағанындағы "687" деген сан "750" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.