О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2000 года N 229 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзілсін: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген 8-бөлiмде: "Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана 513" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы 424"; "СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталық" деген жолдағы "49" деген сан "59" деген санмен ауыстырылсын; "Атырау обаға қарсы күрес станциясы" деген жолдағы "295" деген сан "302" деген санмен ауыстырылсын; "Арал обаға қарсы күрес станциясы - 172" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Арал теңiзi обаға қарсы күрес станциясы - 179"; "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" деген жолдағы "58" деген сан "63" деген санмен ауыстырылсын; "Орал обаға қарсы күрес станциясы" деген жолдағы "296" деген сан "301" деген санмен ауыстырылсын; "Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы" деген жолдағы "243" деген сан "250" деген санмен ауыстырылсын; "Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы" деген жолдағы "94" деген сан "107" деген санмен ауыстырылсын; "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" деген жолдағы "99" деген сан "104" деген санмен ауыстырылсын; "Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы" деген жолдағы "175" деген сан "182" деген санмен ауыстырылсын; "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" деген жолдағы "51" деген сан "63" деген санмен ауыстырылсын; "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" деген жолдағы "48" деген сан "55" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.