О внесении изменений и дополнений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О некоторых вопросах организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами" от 12 октября 2000 года N 680 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 680 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 680 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банктегі инвестициялық есепшоттарындағы және осы қордың кастодиан-банкінің шетелдегі кастодиан-банктердегі корреспонденттік есепшоттарындағы жиынтық ақшасын қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялауға арналған ақша қалдығының ең жоғары мөлшері осы қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу жөніндегі уәкілетті органға зейнетақы активтерін өсімпұл есептеусіз инвестициялау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуі талап етілмеген кезде, осы қордың зейнетақы активтерінің мөлшері: 1) бір миллиард теңгеге дейін болғанда - 400.000 (төрт жүз мың) теңге; 2) бір миллиард теңге және одан да көп болғанда - зейнетақы активтері мөлшерінің 0,1%-і болып белгіленсін.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетіне, кастодиан-банктерге, бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.