О внесении дополнения в решение акима области от 12 сентября 2000 года № 176 «О финансовой поддержке субъектов предпринимательства Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
"Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субьектілерін қаржылық қолдау туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегі № 176 шешіміне толыктырулар енгізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 25.09.2001 № 63 қаулысымен.
Облыстық бюджеттің қаржысы есебінен кәсіпкерлік субьектілерді жеңілдікпен кредиттеу жобаларын жүзеге асыру барысында еңбекке арналастыру және табиғатты қорғау заңдылықтарын сақтау мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыз азаматтардың еңбекке орналастырылуына бақылауды жүзеге асыру мақсаттарында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
"Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субьектілерін қаржылық қолдау туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегі № 176 шешімімен бекітілген кәсіпкерлік субъектілерді қаржылық қолдау жөніндегі облыстық комиссия құрамына
- Балтабаева Ғалия Қазезтайқызы - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы,
- Бекжанов Жамбыл Ілесбекүлы - Солтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау аумақтык басқармасының бастығы енгізілсін.