О внесении изменений в решение от 12 декабря 2001 года № 17-6 «Об утверждении разовых талонов за право реализации товаров на рынках г. Семипалатинска и разовых талонов на виды деятельности, носящих эпизодический характер, с 1 января 2002 года» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 17-6 «Семей қаласының базарларында тауарлар сату құқығына біржолғы талондарды және эпизодтық сипаттағы қызмет түрлеріне біржолғы талондарды 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қала әкімінің эпизодтық сипаттагы қызмет түрлері тізбесін кеңейту мәселесі жөніндегі үсынысын қарап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ Кодексінің 373-бабы 2-тармағы негізінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық Комитетінің 2005 жылғы 29 қарашадагы № 534 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 «Біржолғы талондар беру қағидаларын бекіту туралы» бүйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Семей қалалық мәслихатының 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 17-6 «Семей қаласының базарларында тауарлар сату қүқығына біржолғы талондарды және эпизодтық сипаттағы қызмет түрлеріне біржолғы талондарды 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап бекіту туралы» (облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 28 ақпанда № 718 тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 16 және «Семипалатинские вести» газетінде 2002 жылғы 19 сәуірде № 10 жарияланған), 2003 жылғы 15 мамырдағы № 28-11 шешіммен (облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 16 маусымда № 1286 тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2003 жылғы 4 шілдеде № 27 және «Семипалатинские вести» газетінде 2003 жылғы № 73 жарияланған) және 2004 жылғы 14 мамырдағы № 6-5 шешіммен (облыстық әділет басқармасында 2004 жылғы 20 мамырда № 183 тіркелген) өзгерістер енгізілген шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасында: «Эпизодтық сипаттағы қызмет түрлері үшін біржолғы талондардың күндік ставкасы» деген бөлігінде: «Автомобиль көлігін айдап әкелу жөніндегі қызмет көрсетулер» деген 7 - жолы мына редакцияда: «Механикалық көлік қүралдары мен тіркемелерді айдап әкелу» деп жазылсын; Осы бөлім мына мазмүндағы 9-11 жолдармен толықтырылсын: 9 Үй жануарлары мен қүстарын жаю 1,5 10 Жануарлар мен құстарға арналған жем сату 17 11 Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақ, балық сату 22
Тармақ 2
2. Шешім Шыгыс Қазақстан облысы өділет департаменті Семей қаласы әділет басқармасында тіркелген сәттен күшіне енеді.