О внесении дополнений в решение областного маслихата от 12 апреля 2001 года № С-7-6 «Об утверждении схемы управления областью», зарегистрированного в управлении юстиции № 628 от 25 мая 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
Әділет басқармасында 2001 жылғы 25 мамырда 628 нөмірмен тіркелген облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 12 сәуірдегі
«Облысты басқару схемасын бекіту туралы» № С-7-6 шешіміне өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, облыс әкімінің 2003 жылғы 11 шілдедегі № 23 шешімі негізінде және облыс әкімінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 1-02-32/1519 ұсынысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Облыстық мәслихаттың Ақмола облыстық әділет басқармасында 2001 жылғы 25 мамырда 628 нөмірмен тіркелген, келесі: 2001 жылғы 22 наурызда 1082 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 12 наурыздағы № С-15-3; 2002 жылғы 23 тамызда 1278 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 19 шілдедегі № С-18-8; 2003 жылғы 20 қаңтарда 1503 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-10; 2003 жылғы 3 наурызда 1590 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 21 ақпандағы № С-24-8 шешімдермен өзгертулер енгізілген, 2001 жылғы 12 сәуірдегі «Облысты басқару схемасын бекіту туралы» № С-7-6 шешіміне толықтыру енгізілсін:
«Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітіліп, облысты басқару схемасына кіргізілсін.