О внесении дополнений в решение областного маслихата от 12 апреля 2001 года № С-7-6 «Об утверждении схемы управления областью», зарегистрированного в управлении юстиции № 628 от 25 мая 2001 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әділет басқармасында 2001 жылғы 25 мамырда № 628 тіркелген облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 12 сәуірдегі № С-7-6 «Облысты басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасынын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, облыс әкімінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 48 шешімі негізінде және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 1-04/95 ұсынысы бойынша облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: Облыстық мәслихаттың Ақмола облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 25 мамырда № 628 тіркелген, келесі: 2001 жылғы 22 наурызда № 1082 тіркелген 2001 жылғы 12 наурыздағы № С-15-3; 2002 жылғы 23 тамызда № 1278 тіркелген 2002 жылғы 19 шілдедегі № С-18-8; 2003 жылғы 20 қаңтарда № 1503 тіркелген 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-10; 2003 жылғы 3 наурызда № 1590 тіркелген 2003 жылғы 21 ақпандағы № С-24-8; 2003 жылғы 4 желтоқсанда № 2158 тіркелген 2003 жылғы 28 қарашадағы № ЗС-2-5 шешімдерімен озгертулер енгізілген 2001 жылғы 12 сәуірдегі № С-7-6 «Облысты басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне келесі толықтыру енгізілсін: «Ақмола облыстық мемлекеттік тіл дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілсін және облысты басқару схемасына кіргізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.