О внесении изменений в решение областного маслихата от 12 апреля 2001 года № С-7-6 «Об утверждении схемы управления областью» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 12 сәуіріндегі № С-7-6 «Облысты басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 10.12.2004 № 3С-9-19 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармағының 3 тармақшасы мен облыс әкімінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 85 шешіміне сәйкес және облыс әкімінің 2003 жылғы 17 ақпандағы №1-02-32/228 ұсынысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы құрылуына байланысты, облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 12 сәуірдегі № С-7-6 «Облысты басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгерту енгізілсін: облысты басқару схемасына жаңа құрылған «Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі кіргізілсін.