О внесении изменений и дополнений в решение Атырауского областного маслихата от 12 января 2001 года № 98-ІІ «Об утверждении положении Порядка оказания социальной помощи отдельным категориям граждан Атырауской области» Қолданыста
Басқа 0
Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 12 қаңтардағы № 98-ІІ «Атырау облысы азаматтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Тәртібінің ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Бюджеттік кодексіне, ІІІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты сессиясының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы №162-ІІІ «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы»шешіміне және Атырау облысының әкімиятының 2004 жылдың 10 желтоқсандағы №245 «Атырау облысының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» қаулысына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты Х сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 12 қаңтардағы № 98-ІІ «Атырау облысы азаматтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Тәртібінің ережелерін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (Атырау облысы Әділет басқармасында 2001 жылғы 1 наурызда №359 тіркелді, облыстық мәслихатының ІІ сайланған ХVI сессиясының 2002 жылғы 6 ақпандағы №188-ІІ, №189-ІІ, Атырау облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 30 қаңтарда №817 және 2002 жылғы 2 сәуірде №875 тіркелді):
1) Шешімнің, сонымен қатар оның қосымшалардың мәтінінде «еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау» сөздері «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» сөздерімен және «облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» сөзі «Атырау облысы жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» сөздерімен ауыстырылсын;
2) 1 абзацтағы – Ауылдық жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға берілетін бір жолғы ақшалай төлемді тағайындау Тәртібіне:
мынадай мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын:
«Отын сатып алуға берілетін біржолғы ақшалай төлемнің мөлшері бес мың тенге»
3) 6 абзацтағы – Облыс алдында айрықша еңбек сіңірген тұлғаларға арнайы ай сайынғы жәрдемақыны тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібіне:
мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
«Жәрдемақы мөлшері бір айлық есептік көрсеткіш».
4) 4 абзацтағы – Телефон желесінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру жіне төлеу тәртібінің күші жойылғандеп танылсын.
ІІІ сайланған облыстық
мәслихаттың Х сессиясының
төрайымы Ж. Өмірбекова
Облыстық
мәслихаттың хатшысы Ж. Доспаева