О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 сентября 2002 года N 996 и от 18 ноября 2002 года N 1220 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен. "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр қаулыларына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде: 10-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "15) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады.";
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 41, 414-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөнiндегi комитет туралы ережеде: 11-тармақтың 3) тармақшасында: "келiсiм-шарттарға қол қоюға" деген сөздер "келiсiм-шарт жасасуға" деген сөздермен ауыстырылсын; "өз құзыретi шеңберінде" деген сөздерден кейiн "инвестициялар туралы заңнамаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің құзыретi шегiнде мынадай: 1) инвестициялық салық преференциялар; 2) кедендiк баж салудан босату; 3) мемлекеттiк заттай гранттар түрiнде инвестициялық преференциялар ұсыну туралы шешiм қабылдауға;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.