О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 сентября 2002 года N 996 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2-тармақтағы "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
"Министрліктің қызметін ұйымдастыру" деген 4-тараудың 15-тармағының екінші абзацындағы "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.