О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 12 марта 2002 года № а-3/31 «Об утверждении состава тендерной комиссии, по закреплению рыбохозяйственных водоемов и распределению лимита вылова рыбы» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігініц 2002 жылғы 12 наурыздағы № а-3/31 "Балық шаруашылық су тоғандарын бекітіп беру және балық аулау лимитін бөлу бойынша тендерлік комиссияның құрамын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 05.06.2007 № а-6/193 қаулысымен. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп өндіру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, балық шаруашылық су тоғандарының балық қорларын тиімді пайдалану мақсатында, тендерлік (конкурстық) комиссияның құрамынан кейбір мүшелердің шығуына және олардың басқа жұмысқа аусуына байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 12 наурыздағы № а-3/31 "Балық шаруашылық су тоғандарын бекітіп беру және балық аулау лимитін бөлу бойынша тендерлік комиссияның құрамын бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Қаулылың атауы төмендегі мазмұнды жаңа редакцияда жазылсын: «Балық шаруашылығы тоғандарын (телімдерін) әлеуеттік табиғатты пайдаланушыларға бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссия құру туралы» Қаулының 1-тармағы келесі мазмұнды жаңа редакцияда жазылсын: "Балық шаруашылык су тоғандарын (телімдерді) әлеуеттік табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру және заңды мен жеке тұлғаларға, табиғат пайдаланушыларға балық аулау лимитін бөлу бойынша конкурстық комиссия қосымшаға сәйкес құрылсын"; Қаулының 2-тармағындағы "тендер" сөзі "конкурс" сөзімен алмастырылсын; Ереженің атауындағы және мәтін бойынша әрі карай "тендер" сөзі "конкурс" сөзімен алмастырылсын; Ереженің 1-тармағындағы "тендер орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының ұсынысымен өткізіледі" деген сөздер "өкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық басқармасының ұсынысы бойынша жыл аяғына дейін қосымша өткізілуі мүмкін" сөздерімен алмастырылсын; 2-тармақтағы "тендерлік комиссияғы беріледі" деген сөздер "облыс әкімдігінің қаулысымен құрылған тендерлік комиссияға жүктеледі" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың 2-тармақшасындағы "белсенді жүргізетін" деген сөздерден кейін "және соңғы 3 жылда өткізілген табиғат қорғау шараларының түрлері, көлемі және шығындалған сомалар туралы ақпаратты, сонымен қатар басшымен бекітілген ағымдағы жылғы табиғат қорғау шаралары жоспарын тапсырғандар" деген сөздер қосылсын; 4-тармаққа келесі мазмұндағы 8 және 9-тармақшалармен толықтырылсын: 8) қолданылып жүрген заңнамаға және бекітілген төлем ставкаларына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін бюджетке төлемдерді қамтамасыз ететіндер; 9) балық шаруашылық су тоғандарын (телімдерді) бекітіп беру жөніндегі қала, аудан әкімдіктерінің келісімдерін (ұсыныстарын, өтінімдерін) тапсырғандар; 6-тармақ келесі мазмұнды жаңа редакцияда жазылсын: "Конкурсқа қатысу құқығы белгіленген нышанда және белгіленген мерзімде өтініштерін, сонымен .бірге қажетті құжаттарын қоса тапсырған барлық заңды және жеке тұлғаларға, табиғатты пайдаланушыларға беріледі." Ережелерге келесі мазмұндағы 6-1 тармағы қосылсын: "Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы мен табиғатты пайдаланушылар арасындағы су тоғандарындағы (телімдердегі) балық қорларын және басқа да су жануарларын пайдалану, су тоғандарын (телімдерді) бекітіп беру жөніндегі шарттар конкурстық комиссияның тиісті шешімінің негізінде жасалсын. Шарттың колдану мерзімі бір күнтізбелік жыл болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы каулының келісімдердің заңды күшіне ие болу мерзімдері бөлігінде белгіленген құқықтық қатынастар бұрын жасалған келісімдерден пайда болған қатынастарға әсер етпейді.
Тармақ 3
3. Осы, қаулы әділет басқармасында тіркелгеннен кейін заңды күшіне ие болады.
Басқа 4. Комиссия мүшелері:
Ақмола облысы әкімдігінің 2003 ж. 17.03. № а-3/81 "Облыс әкімдігінің 2002 ж. 03.12. № а-3/31 "Балық шаруашылық су тоғандарын бекітіп беру және балық аулау лимитін бөлу бойынша тендерлік комиссияның құрамын тағайындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жөніндегі" қаулысына 1 қосымша Әлеуеттік табиғатты пайдаланушыларға балық шаруашылығы су тоғандарын (телімдерді) бекітіп беру және табиғатты пайдаланушы заңды және жеке тұлғаларға балық аулау лимитін бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ Отаров Қ М. Облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Никишов А.Н. ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық баскармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Тоқмолдаев А.С. ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасының балық инспекциясы бөлімінің) бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Досанов Қ.Ғ. ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасының балық инспекциясы бөлімінің бастығы, (келісім бойынша) Жангабылов Ш.С. облыс әкімі аппаратының өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мырзахметов К.К. Ақмола облыстық қоршаған ортаны қорғау баскармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Мағзұмов Е.Е. Табиғатты пайдалану жөніндегі Ақмола мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу бойынша бөлімінің бастығы Айткенов Қ.А. Ақмола облыстық қаржы басқармасының материалдық өндіріс салалары бөлімінің бас маманы Ағасұлтанов Қ.К. ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасының ветеринариялық қадағалау бөлімінің бас маманы Лихоманова Р.В. Ақмола облыстық санитарлық эпидемиологиялық стансасының паразитология бөлімінің меңгерушісі Гудыно Д.Н. "Майбалық балық көшеттігі" РМК директоры Глушкова Л.И. Балықшылар мен аңшылардың Көкшетау ауданаралық қоғамының төрағасы