О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2003 года N 1260 и от 26 декабря 2003 года N 1327 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық топта: 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген әкiмші бойынша: 002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада: 005 "Ішкі көздер есебiнен жобаны iске асыру" деген кiшi бағдарламада: "Қарағанды қаласы арқылы жол жүру учаскесiн қайта жаңарту" деген жолдағы "900000" деген сандар "815643" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қызыләскер - Киров автожолы бойынша ПК 254+90 көпiр өткелiндегi су тасқынынан бұзылуды қалпына келтiру 84357"; 2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада : 6-тармақтың кестесiнде: реттiк нөмiрi 3-жолдың 5-бағанының 1-тармағында: "900000" деген сандар "815643" деген сандармен ауыстырылсын: "Бейнеу - Ақжігiт - Өзбекстан шекарасы - 9,24 км, 466000 мың тeңгe сомасына (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң 2003 жылғы 01 шiлдедегi N 263-ПИР бұйрығы);" деген сөздерден кейiн "Қызыләскер-Киров автожолы бойынша ПК 254+90 көпір өткелiндегi су тасқынынан бұзылуды қалпына келтiру - 84357 мың теңге (Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 14 бұйрығы)."; "конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сараптауға" деген сөздерден кейiн ", көпірді сынауға" деген сөздермен толықтырылсын; "карьерлер мен резервтердi қайта өңдеу" деген сөздерден кейiн ", су тасқынынан бұзылуды қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақ "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: iшкi қаражаттар есебiнен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес - 360,34 км автожолдар салынады және қайта жаңартылады" деген сөздерден кейiн ", су тасқынынан бұзылу зардаптары жойылады" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.