О внесении изменения и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2003 года N 1260 и от 26 декабря 2003 года N 1327 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығындар" деген бөлiмде: 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету" деген функционалдық топта: 01 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілдi, атқарушы және басқа органдар" деген ішкi функцияда: 104 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi" деген әкiмші бойынша: 001 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарламада: 008 "Мемлекеттiк органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және құрылыстарын күрделi жөндеу" деген кiшi бағдарламадағы "82961" деген сандар "79946" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 009-кіші бағдарламамен толықтырылсын: "009 Мемлекеттiк органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру 3015";
Тармақша 2
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 6-қосымшада : "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 5-жолмен толықтырылсын: "5. - 009 Мемлекеттік органдарды 4 жиынтық Жыл Қазақстан материалдық-техникалық басшы бойы Республикасы жарақтандыру кабинетiн Премьер- сатып алу Министрiнің Кеңсесi".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.