О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2003 года N 1260 и от 26 декабря 2003 года N 1327 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
Тармақша 1
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету" 01 функционалдық топта: "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" 619 әкiмшiсi бойынша: "Кедендiк бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерiн салу" 004 бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: 004 Кедендiк бақылау және кедендiк инфрақұрылым объектiлерін салу 2821350 соның iшiнде инвестициялық жобаларға: Оңтүстік Қазақстан облысы "Ғани Мұратбаев" бiрыңғай бақылау-өткiзу пунктін салу 218000 Қостанай облысы "Обаған" бiрыңғай бақылау-өткізу пунктiн салу 215031 Шығыс Қазақстан облысы "Ауыл" бiрыңғай бақылау-өткізу пунктін салу 249360 Солтүстік Қазақстан облысы "Қарақоға" бiрыңғай бақылау-өткiзу пунктін салу 219897 Павлодар облысы "Шарбақты" бiрыңғай бақылау-өткiзу пунктiн салу 219500 Алматы облысы "Дружба" станциясындағы "Достық" халықаралық темiр жол кеден терминалын салу 372000 Павлодар облысы "Ертiс" кеден бекетiн электрмен жабдықтау 7099 Павлодар облысы "Найза" кеден бекетiн электрмен жабдықтау 14100 Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 10 иттік мөлдек салу 31420 Шығыс Қазақстан облысы "Бақты" кеденiнiң кедендiк ресiмдеу залын салу 33230 "Ақтөбе - Кедендiк ресiмдеу орталығы" кеден бекетiн салу 85562 "Достық" кеденінiң тексеру алаңын және уақытша сақтау қоймасын салу 50000 Алматы қаласында оқу-әдiстемелiк орталық салу 500000 Астана қаласында 100 орынға арналған жатақхана салу 289950 "Достық" кеденi кеден қызметiнiң қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салу 248000 "Астана қаласындағы кедендік ресiмдеу орталығы" кеден бекетiнiң құрылысын аяқтау 34897 Павлодар қаласындағы Кедендiк ресiмдеу орталығы - кеден бекетiне жапсаржай салу 33304";
Тармақша 2
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында : көрсетілген қаулыға 408-қосымшада : "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "9. Ақтөбе - Кедендiк ресiмдеу орталығы" кеден бекетiнің құрылысын салу" (жұмыс жобасына мемлекеттiк сараптаманың 2003 жылғы 28 қарашадағы N 6-506/03 қорытындысы);"; мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын: "11. Астана қаласындағы кеден бекетінің - Кедендiк ресiмдеу орталығының құрылысын аяқтау" (жұмыс жобасына мемлекеттiк сараптаманың 2004 жылғы 23 сәуiрдегі N 2-163/04 қорытындысы); 12. Павлодар қаласындағы кеден бекетiне - Кедендiк ресiмдеу орталығына жапсаржайдың құрылысын салу" (сметалық құжаттама бойынша мемлекеттiк сараптаманың 2004 жылғы 13 сәуiрдегi N 16-111/04 қорытындысы). "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта: бiрiншi абзацта: "Ақтөбе облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментiнiң әкiмшілiк ғимаратына жапсаржайдың" деген сөздер алынып тасталсын; "Алматы облысы "Достық" кеденiнiң тексеру алаңы мен уақытша сақтау қоймасының" деген сөздерден кейiн ", Астана қаласындағы кеден бекетiнiң - Кедендiк ресiмдеу орталығының, Павлодар қаласындағы кеден бекетiне - Кедендiк ресiмдеу орталығына жапсаржайдың" деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзац "Достық" кедендiк темiржол терминалының құрылысын салу бойынша (сметалық құнының 70%)" деген сөздерден кейiн ", Ақтөбе - Кедендiк ресiмдеу орталығы" кеден бекетiнiң құрылысын салу бойынша" (сметалық құнының 75%)" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.