О внесении изменения и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2003 года N 1260 и от 26 декабря 2003 года N 1327 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 02 "Қорғаныс" деген функционалдық топта: 678 "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы" деген әкiмшi бойынша: 002 "Республикалық ұлан объектiлерiнiң құрылысын салу" деген бағдарламада: "Астана қаласында Республикалық ұлан кешендi ғимаратын салу (II кезек)" деген жолдағы "176500" деген сандар "155020" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "10 бiрлiкке арналған жауынгерлiк техника үшiн тұтас металл боксының құрылысын салу 21480";
Тармақша 2
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 413-қосымшада : "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: реттiк нөмiрi 4-жолда: "Автомобильдiк техникаларға арналған қосалқы бөлшектердi, агрегаттар мен басқа да заттарды сатып алу." деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Әскери мақсаттағы арнайы жарақтар сатып алу - 25 жиынтық"; " - қару-жарақ, суық қару және оларға арналған қосалқы бөлшектер - 3726 дана;" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: " - биокомпьютерлiк кешен - 1 жиынтық;"; көрсетiлген қаулыға 414-қосымшада: "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. 10 бiрлiкке арналған жауынгерлiк техника үшiн тұтас металл боксының құрылысын салу."; 7-тармақ "жобасындағы жатақхана" деген сөздерден кейiн "және жауынгерлiк техника үшiн тұтас металл боксының" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.