О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2003 года N 1260 и от 26 декабря 2003 года N 1327 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысына : көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: 12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық топта: 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген әкімші бойынша: 002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада: 005 "Iшкi көздер есебiнен жобаны iске асыру" деген кiшi бағдарламада: "13142320" деген сандар "11050324" деген сандармен ауыстырылсын; 016 "Жобаны республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру есебiнен iске асыру" деген кiшi бағдарламада: "8575525" деген сандар "10667521" деген сандармен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық топта: 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген әкiмшi бойынша: 002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада: 005 "Iшкі көздер есебiнен жобаны iске асыру" деген кiшi бағдарламада: "13046048" деген сандар "11050324" деген сандармен ауыстырылсын; "Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе автожолын қайта жаңарту" деген жолдағы "4062069" деген сандар "2168367" деген сандармен ауыстырылсын; "Өзбекстан шекарасы - Бейнеу - Ақжiгiт автожолын қайта жаңарту" деген жолдағы "466000" деген сандар "387378" деген сандармен ауыстырылсын; "Алматы - Өскемен автожолын қайта жаңарту" деген жолдағы "65361" деген сандар "44970" деген сандармен ауыстырылсын; "Рудный қаласының Батыс айналымы автожолын қайта жаңарту" деген жолдағы "223385" деген сандар "220376" деген сандармен ауыстырылсын; 016 "Жобаны республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру есебiнен iске асыру" деген кiшi бағдарламада: "8671798" деген сандар "10667521" деген сандармен ауыстырылсын; "Батыс Қазақстанда жол желiсiн қайта жаңарту" деген жолдағы "6886267" деген сандар "8881990" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына : көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада : "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында: реттiк нөмiрi 3-жолдың 1-тармағында: "374,24", "12281722", "4000000", "466000", "223385" деген сандар тиiсiнше "308,24", "10306389", "2106298", "387378", "220376" деген сандармен ауыстырылсын; "66 км", "сомасына" деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақта: "3029", "764326", "306", "65361" деген сандар тиiсiнше "2983", "743935", "260", "44970" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 4-жолда: "8671798" деген сандар "10667521" деген сандармен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "6886267" деген сандар "8881990" деген сандармен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "379845" деген сандар "379846" деген сандармен ауыстырылсын; 7-тармақтағы "374,24", "3586" деген сандар тиiсiнше "308,24", "2983" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.