О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2003 года N 1260 и от 26 декабря 2003 года N 1327 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетілдіру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысында : көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында: IV "Шығындар" деген бөлiмде: 08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" деген функционалдық топта: 03 "Ақпараттық кеңiстiк" деген iшкi функцияда: 236 "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" деген әкiмшi бойынша: 001 "Ақпарат саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарлама бойынша: 002 "Аумақтық органдардың аппараттары" деген кiшi бағдарламада "119608" сандар "125083" сандармен ауыстырылсын; 009 "Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" деген кiшi бағдарламада "10000" деген сандар "4525" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында : көрсетілген қаулының 324-қосымшасында : "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында: реттiк нөмiрi 3-жолда "76 принтердi ұстау және қызмет көрсету" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң таратылған аумақтық органдарының қызметкерлерiне жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу"; реттiк нөмiрi 5-жолда "3" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.