О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2003 года N 1260 и от 26 декабря 2003 года № 1327 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 23 наурыздағы N 1317 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығындар" бөлiмiнде: 3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында: 3 "Сот қызметi" кiшi функциясында: 501 "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" әкiмшiсi бойынша: 001 "Сот жүйесi органдарының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша: 100 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметiн қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасында "545477" деген сандар "563579" деген сандармен ауыстырылсын; 103 "Жергілiктi соттар" кiшi бағдарламасында "5777053" деген сандар "5758951" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 344-қосымшада :
Тармақ 2
2-тармақ "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы " деген сөздермен толықтырылсын; "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: реттік нөмiрi 6-жолдың 5-бағанында: "179 бiрлiк" деген сөздердің алдынан "саны 48 бiрлiк Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттарын және" деген сөздермен толықтырылсын; "179" деген сандар "164" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 9-жолдың 5-бағанындағы "8167" деген сандар "8134" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.